Мектепке дейінгі ұйымның мақсаты мен міндеттері
Біздің мектепке дейінгі ұйым-балалардың қауіпсіз, жайлы ортада тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына бағытталған білім беру мекемесі. Ұйымда заманауи талаптарға сай білім беру мазмұны жүзеге асырылып, әрбір баланың жеке қабілеті мен қызығушылығы ескеріледі.
Мектепке дейінгі ұйым мақсаты -балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, олардың зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік және тұлғалық қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ дені сау, белсенді, білім алуға дайын тұлға тәрбиелеу.
Мектепке дейінгі ұйым міндеттері– баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау және мектепке дайындау.
Негізгі міндеттері:
1.Тәрбиелеу
Балаларды адамгершілікке, әдептілікке, сыйластыққа, Отанды сүюге тәрбиелеу.
2.Оқыту және дамыту
Сөйлеу тілін, ойлау қабілетін, есте сақтауын, шығармашылығын дамыту. Мектепке дайындық дағдыларын қалыптастыру (санау, әріп тану, жазуға дайындық).
3.Әлеуметтік бейімдеу
Құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, топпен жұмыс істеуге үйрету.
4.Денсаулықты сақтау және нығайту
Дене шынықтыру, қозғалыс ойындары арқылы физикалық дамуын қамтамасыз ету.
5.Қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру
Жол ережесін, жеке бас гигиенасын, қауіпсіз мінез-құлықты үйрету.
6.Эстетикалық тәрбие
Ән айту, сурет салу, қолөнер арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту.
Қазақстанда балабақшалардың қызметі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі бекіткен мемлекеттік стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.